Абай облысында 100-ден астам мектеп Starlink-ке қосылған

Абай облысында 100-ден астам мектеп Starlink-ке қосылған

Биыл облыстың барлық мектебі 100% интернетпен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

2023-2024 оқу жылында интернет жылдамдығын арттыру бойынша қосымша жұмыстар жүргізілді. 167 мектепте келісімшарт қайта жасалды. Нәтижесінде жылдамдықты секундына 2-4 Мбит-тен 10-20 Мбит-ке дейін арттыруға мүмкіндік берді. Интернет жылдамдығы төмен мектептер саны алдыңғы оқу жылымен салыстырғанда 43 пайызға қысқарды.

Облыс бойынша Starlink технологиясына қосылу үшін жылдамдығы төмен 133 мектеп тізімі анықталған. Starlink жабдықтарын орнату 21 мамырда басталып, 1 тамызда аяқталады. Қазіргі уақытта 125 мектеп толығымен қосылды. Енді оқу жылы басталғанға дейін тағы 8 мектепті қосу жоспарлануда.

Облыста 302 мектеп бар, оның ішінде қалалық мектептердегі интернет жылдамдығы техникалық мүмкіндіктерге байланысты секундына 20-дан 200 Мбит-ке дейін, ал ауылдық мектептерде 4 – тен 214 Мбит-ке дейін өзгереді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...