Еліміздің шаруаларына 5 млрд текше метрден артық су берілді

Еліміздің шаруаларына 5 млрд текше метрден артық су берілді

Жедел ақпаратқа сәйкес Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» кәсіпорны еліміздің шаруаларына 5 млрд текше метрден артық су берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қызылорда облысы бойынша «Қазсушар» филиалы дихандарға 2,39 млрд текше метр суармалы су берді.

Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы егіс алқаптарына 1,14 млн текше метр су жеткізді.

Жетісу облысы бойынша «Қазсушар» филиалы шаруаларды 622,35 млн текше метр суармалы сумен қамтамасыз етті.

Қ.Сәтбаев атындағы каналдан 310,7 млн текше метр су берілді.

Жамбыл облысы бойынша «Қазсушар» филиалы суармалы жерлерге 312,3 млн текше метр су берді.

Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы «Қазсушар» филиалы дихандарға 170,8 млн текше метр су берді.

Батыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы өңір шаруаларына 15,9 млн текше метр су жеткізді.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы дихандарды 66,2 млн текше метр сумен қамтамасыз етті.

Қарағанды облысы бойынша «Қазсушар» филиалы егістіктерге 16,5 млн текше метр су берді.

Ақтөбе облысы бойынша «Қазсушар» филиалы суармалы алқаптарға 8,83 млн текше метр су жіберді.

Қостанай облысы бойынша «Қазсушар» филиалы шаруаларға 8 млн текше метр суармалы су жеткізді.

Павлодар облысы бойынша «Қазсушар» филиалы дихандарға 0,49 млн текше метр су берді.

Ақмола облысы бойынша «Қазсушар» филиалы егіс алқаптарын суаруға 2,34 млн текше метр су жіберді.

Атырау облысы бойынша «Қазсушар» филиалы шаруаларға 5,85 млн текше метр су жеткізіп берді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...