Шымкентте ауыз сумен қамту 99 пайызға жетті

Шымкентте ауыз сумен қамту 99 пайызға жетті

Шымкент қаласында қазіргі таңда 81 елді-мекеннің 80-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, 1 елді мекенге кестемен (Құрсай) беріліп жатыр. Былтыр қалада 6 нысанның (Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс) құрылыс жұмыстарына 9,5 млрд.теңге бөлініп, жыл қорытындысымен Қайнарбұлақ тұрғын алабы және Еңбекші ауданы бойынша 7 елді мекеннің жаңа құрылыс аумақтарында ауыз су жүйесінің құрылысы аяқталды.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде шаһардағы 37 мыңға жуық адам таза ауыз су жүйесіне қосылды. Осы нәтижеге сәйкес елді мекендерді ауыз сумен қамту деңгейі 98,5%-дан 99%-ға өсті.
Биыл Құрсай, Қайтпас-1, және Бозарық тұрғын алабының жаңа құрылыс аумақтарын ауыз сумен толық қамту жоспарлануда. Бұл жұмыстар аяқталса шаһардағы елді мекендерді ауыз сумен қамту деңгейі 100 пайызға жетпек.
Сонымен қатар Шымкент қаласының аумағын кәрізбен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Бүгінде 81 шағын ауданның 25-і (713,5 мың адам) кәріз жүйесімен қамтамасыз етілсе, 56 шағын аудан қамтылмаған.
Былтыр 9 нысанның құрылыс жұмыстарына 8,6 млрд. теңге бөлініп, оның ішінде 2 магистралды кәріз коллекторының (Тұраннан КОС-қа дейінгі магистрал, Шымсити коллектор), 7 ішкі орамдық жүйенің (Мирас- Шапағат-2, Тассай, Тұран ішкі жүйе, Қайтпас-2, Нұртас, 112 орам, Бозарық 74 га) құрылыс жұмыстары жүргізілді. Жыл соңына дейін 4 нысанның (Тассай, Қайтпас-2, 112 орам, Бозарық 74 га) құрылыс жұмыстары аяқталып, көпқабататты тұрғын үйлермен қоса 60 мыңға жуық адам кәріз жүйесіне қосылды. Осы жұмыстардың нәтижесінде кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 60%-дан 65%-ға өсті.
Айта кетейік, биыл 2 магистралды кәріз коллекторының (Тұраннан КОС-қа дейінгі магистрал, Шымсити коллектор) және 6 ішкі орамдық жүйенің (Мирас-Шапағат-2, Нұртас, Тұран, Айқап, Қайтпас-1, Солтүстік-Батыс) құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен 12,8 млрд.теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстары сәуір айында басталып кетті.

NO-COMMENT ақпарат

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр РФ Өнеркәсіп және сауда министрі Антон Алихановпен кездесу өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ...

Вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауыл шаруашылығында агродрондарды қолдану тәжірибесін қолдану мен кеңейтудің...

Премьер-министр Олжаса Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында теміржол саласын және транзиттік әлеуетті дамыту мәселелері қаралды, деп...