СҚО-да ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту шеңберінде 38 жаңа МСАК нысаны салынуда

СҚО-да ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту шеңберінде 38 жаңа МСАК нысаны салынуда

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңірдегі медициналық ұйымдардың жұмысымен танысты, деп хабарлайды No-comment.kz - Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство басшысы және облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов  80 төсектік стационарды, 10 дәрігерлік амбулаторияны, 8 фельдшерлік-акушерлік пунктті және 40 медициналық пунктті қамтитын Қызылжар аудандық ауруханасына барды. Аудандық аурухана аумағында  ауысымда 250 келушіге арналған жаңа емхана салу жоспарына ерекше назар аударылды. Ауданда барлығы 48 мың тұрғынға түрлі көмек түрлерін ұсынатын 59 медициналық ұйым жұмыс істейді.

Сапар барысында министр дәрігерлермен медициналық кадрлар, әлеуметтік қолдау және ауылдық денсаулық сақтау нысандарын жарақтандыру мәселелерін талқылады. Ведомство басшысы медициналық көмектің сапасын арттырудың және халықпен профилактикалық жұмыстың маңыздылығын, сондай-ақ ауылдық медициналық ұйымдардың инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық базасын жақсарту қажеттігін атап өтті. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өңірдің ауылдық елді мекендерінде 38 МСАК нысаны, оның ішінде 22 медициналық және 16 фельдшерлік-акушерлік пункт салынуда.

Жұмыс сапары барысында министр облыс тұрғындарымен, жергілікті белсенділермен және депутаттармен кездесті. Халық айтқан негізгі мәселелер дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге, ауруханаға жатқызуға және медициналық көмек алуға қатысты болды.

Азаматтардың жеке қабылдауында министр әрбір өтініш бойынша түсініктеме берді, жекелеген мәселелерді жеке бақылауға алып, олардың шешімін Министрліктің тиісті бөлімшелеріне тапсырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін Заңнама және құқықтық ақпарат институты Қазақстандық қоғамдық даму институтымен бірлесіп Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын...

Сегодня Институт законодательства и правовой информации совместно с Казахстанским институтом общественного развития провели расширенное экспертное...

Шымкент қаласында денсаулық сақтау саласының өкілдерімен арнайы кездесу өтті. Жиынның негізгі мақсаты – Конституциялық реформаның мазмұнын түсіндіру және ұсынылып...

Мемлекеттер басшылары Қазақстан-Ресей сан қырлы қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын достық әрі өзара сенім сипатында...