Бөкей хан

Бөкей хан

Бөкей Барақұлы (шамамен 1737–1819) — сұлтан, хан. Тұрсын ханның немересі, Барақ ханның баласы, Әлихан Бөкейхановтың 5-атасы.
Бөкей қазақ ақсүйектеріне жатады, ең жоғарғы сапта тұратын ақсүйектер (төре), яғни «Әлемді тітіреткен» атақты ұлы билеуші Шыңғысханның тұқымынан шыққан “ақ сүйек”  зиялы тобынан.  Оның әкесі Кіші жүздің ханы Нұралы, ал атасы – атақты Әбілхайыр хан еді, кейіннен Шағын/Кіші орданың қазақтары (орысша дереккөздерде Кіші жүз – автор) Ресей империясына бодан болды. Әбілхайыр хан Қазақ хандығының негізін қалаушы Жәнібек сұлтан тегінен шыққан, алайда ол кіші сұлтан бұтағынан шыққан бекзада,  ешқашан хан тағына отырмаған, ықпалы аз Қажы сұлтанның ұлы.
Көрнекті ұйымдастырушылық және қолбасшылық қабілеттері, қатал және батыл мінезі, батылдығы пен мұқалмастығы Әбілхайыр ханның 1718 жылы 25 жасында Кіші жүздің ханы болуына мүмкіндік берді. Оның жоғары бас қолбасшылығының арқасында қазақ әскері біріге отырып, ол жоңғарлармен күресте ойсырата жеңіп шыққан Бұланты мен Аңырақайдың  даңқтыбатыры болды, алайда күтпеген жерден Болат ханның өлімінен соң, 1729 жылы жалпы қазақ ханы сайланбады.
Билік үшін еларалық күресте, осы күресте сенімді одақтастарды іздеуде, сондай-ақ Кіші жүз қазақтарының қаптаған жоңғарлармен, башқұрттар жортуылдарымен, Еділ қалмақтарымен, түркімендермен, Жайық казактарымен күресте толық қырылып, жойылып кету қаупі төніп тұрды. Осы жайттар Әбілхайырды «Солтүстік Пальмираға» өз назарын аударуға, яғни Ресей империясынан бодандық сұрауға мәжбүр етті.
Алдымен сұлтанның анасы, кейін оның саяси жауы Сұлтан Барақтың қылышынан мерт болған Әбілқайырдың қайғылы өлімінен соң 1748 жылы Нұралы хан болды (1710-1790). Нұралының анасы Бопай (туған кездегі аты – Батима, 1690-1780) Кіші жүздің атақты батыры Сүйіндіктің қызы, ол қазақ даласында өзінің сұлулығымен, даналығымен және беделімен кеңінен танымал болды . Әбілхайырдың сүйікті әйелі болған Бопай ханым Ресей құрамына кіру туралы шешімді қолдай отырып, ханға үлкен ықпалын тигізген адам, ол Әбілхайыр хан қайтыс болғаннан кейін патшайым Елизавета Петровнадан қырғыз-қайсақтардың (орыс дереккөздерінде қазақтарды осылай атаған) ханы болып  өз ұлы Нұралыныбекіту туралы жарлыққа қол жеткізді. 1736 жылы Хан Ордасына келген Орынбор экспедициясының жетекшісі И.К.Кирилов ағылшын Джон Кэстльді сурет салушы етіп жалдаған. Сол ағылшын суретшісінің қалдырған суреттері негізінде жазылған күнделік жазбалардың арқасында біз Әбілхайыр хан мен оның серігі  Бопай ханымның кескін-келбеттері қандай болғанын және олардың саяси портреттерін көз алдымызға елестете аламыз.
Құрылтайда Нұралыны Хан сайлау белгісі ретінде ақ киізге көтеріп  хан сайлады, сонымен қоса осы лауазымдағы патша үкіметі бекіткен алғашқы хан болды. Бұл ретте хандардың тағына “отырғызылған” хандар шеткі аймақтарды бағындыру үшін империяның бұлжытпай тыңдайтын мойынсұнғыш құралы болуы тиіс еді. II-ші Екатерина: “”әрбір ерекше ханның ордасын сақтап, олардың сайлануы бағынышты халқына емес, Оның Императорлық мәртебесінің рұқсат етуіне тәуелді ету,хандарды ақшамен бекіте отырып, ордаларды олардың бекінісі етіп, өмір сүруі үшін оларды ретке келтіруде хандарды күшейте түсуге тырысу қажет…», – деп санады.
Нұралы хан кезінде хан билігін әлсірету үдерісі күшейе түсті: Кіші жүздің қазақ руларының бір бөлігі Нұралынымойындамай, өздерінің ханы Батыр сұлтанды, яғни Нұралының әкесі Әбілхайырдың ертедегі жауын сайлады. Сөйтіп, Кіші жүз екі бөлікке бөлінді: Нұралы бастаған солтүстік-батыс бөлігі Ресейге, Батыр сұлтан бастаған оңтүстік-шығыс бөлігі Хиуаға ұмтылды. Одан басқа, 1756 жылы Нұрәлі ханның башқұрт көтерілісін басуға қатысуы, қазақтардың башқұрт көшпенділерін тонауы қазақтар мен башқұрттар арасындағы қарым-қатынасты шиеленістіріп жіберді.
Нұралы ханның билігі XVIII ғасырдың екінші жартысында, қазақтар үшін қиын уақытта құлдырады. Бастапқы кезде қазақтардың «қорғаушысы» ретінде қабылданған Ресей империясы, керісінше, Жайық (Орал) жанындағы отырықшы көшпелілерден шыққан қазақтардың «қудалаушысы» болды, мұнда бекіністер аймақты отарлаудың тірегі ретінде салынып, енгізілді. 1757 жылы өзеннің оң жағалауында мал жаюға тыйым салу туралы жарлық ханның билігін ыдырату саясатын жүргізуге әкеліп соқты.
Қазақтар мен казак бөлімдері арасындағы тұрақты әскери қақтығыстар, Нұралы ханның ымыралық саясаты, Ресей әкімшілігінің ниеттестігі 1783–1797 жылдары Сырым Датұлы бастаған қуатты ұлт-азаттық көтерілістің болуына алып келді. Соның салдарынан өз беделін жоғалтқан  хан 1786 жылы Орынборға қашуға мәжбүр болды, ол жерден Уфаға жер аударылып, төрт жылдан кейін қайтыс болды. Қысқа уақыт ішінде Арал қазақтары мен Хиуаның билеушісі болған бір кездегі ықпалды саясаткер өмірінің соңы мүшкіл болды: ол қуғындалған қашқын ретінде, Кіші Ордадағы сайланбалы өкіметтің заңдылығын толықтай жоғалтқан адам ретінде танылды, оны Ресей империясы  керек етпеді, сондықтан ол өзінің бұрынғы жақтаушы-қолдаушыларының тұтқыны болды.
Нұрәлі ханның сүйікті әйелдерінің бірі – қалмақ, Шыңғыс тұқымынан шыққан  Рысс ханым еді, ол Бөкей сұлтанның және оның ағасы – Есім, Пірәлі, Қаратайдың анасы болды. Дереккөздерде оның туған жылы нақты жазылмаған, бірақ бұл шамамен 1748 жыл немесе 1749 жылы туған деп болжанады. Сұлтанның балалық шағы туралы деректер мүлдем жоқ десе де болады. Тек ол мұсылмандық білім алды деп болжауға болады, сол мазасыз уақыттарда әкесімен саяси және әскери қызметке ерте тартылған. Әкесінің орыстың отарлық әкімшілігіне жақындығы, орынборлық басшылықпен жиі байланысуы, бұған  жас Бөкейдің қатысуы да мүмкін, кейіннен оған Ресей империясына деген адалдықты қалыптастырды, одан ол билік үшін ру аралық күресте одақтасты көрді.
Тіпті орыс тіліндегі сілтемеде әке өмірінің қайғылы аяқталуы оны отаршылдармен күресетін көтерілісшілер қатарына итермеледі. Сөйтіп, 1797 жылы ол хан атағына үміткер болды, бірақ Санкт-Петербургте Әбілқайыр ханның кіші ұлы  Айшуақ сұлтанның (1797-1805) ыңғайлы кандидатурасын бекітуді жөн көрді: оның 70 жасқа келген егде жасы отаршылдыққа қарсы қозғалысқа белсенді қатысуын жоққа шығарды. Бөкей Хан кеңесінің төрағасы болып сайланды. Хан тағына тағы бір үміткер – ол Бөкейдің бірге туған ағасы Қаратай болды [6]. 1805 ж. Ресей императоры Александр I кезінде одан үміткер ретінде бас тартып, оның орнына Айшуақтың ұлы Жантөрені (1805–1809) хан сайлағаннан кейін, Ресей империясымен ашық күрес жолына шықты. Бауыры Қаратайдың көптеген жақтастары болды және 1806 жылы Қобда өзеніндегі Кіші жүз руларының съезінде хан болып сайланды.
Сұлтандар-ақсүйектер арасында жеткілікті қолдауға ие болмаған және отарлық әкімшіліктің әскери шенділерімен және шенеуініктерімен достық қарым-қатынаста болған Бөкей сұлтан Кіші жүзден тыс «Ақ патшадан» хан билігін алуға шешім қабылдады. Каспий теңізінің жағалауын күзеткен Астрахан казак полкінің командирі П.С.Поповтың кеңесі бойынша, Астраханнан бастап, жұт болған жылдары Жайықтың ішкі жағына түсуге ұмтылған көшпелілер атынан Бөкей сұлтан Астрахань губерниясының әскери губернаторы генерал-лейтенант К.Ф.Кноррингке ант бергеннен кейін жеке тәуелді хандықты құра отырып, Жайық пен Еділ арасындағы аумаққа өзіне бағынышты ордаларды көшіру туралы І Павел алдында өтінішхатпен қолқа салды.
Ресей императоры бұл өтінішхатты игі ниетпен қабылдап, 1801 жылы 11 наурызда ең жоғары рескрипт шығарды. Онда  “Қырғыз-қайсақ елінің Кіші Орда хандық кеңесіне төрағалық етуші Нұрәлі ханның ұлы, Бөкей сұлтанды өзіме ықыласпен қабылдаймын; қалайтын жерге көшуіне мүмкіндік беремін және менің алғысым ретінде оған қара лентадағы мойынға киетін, менің суретім бар алтын медальді тағайындадым. Астрахан әскерінің қолбасшы Поповқа қырғыз-қайсақ халықтарын жуасытуда  ынтамен табысты нығайта түскені үшін марапаттаймын, оған генерал-майор атағы берілді “, – деп жазылған. Құжатта Бөкейдің шешіміне үлес қосқан Поповты Петербургте жаңа әскери атақпен қабылдағаны, яғни Ресей императорына қиын-қыстау кезінде империяның бақылауында болатын мазасыз оңтүстік шет аймақтарды алу маңызды болғандығы көрсетілген. Орыс шенеуніктерінің Бөкейге берген сипаттамасы патша үкіметінің дұрыс әрекет еткендігін растайды: “Бөкей Нұрәлі сұлтан, Астрахан даласының көшпелі қазағы, Сұлтандардың ең жоғарысы, ол ақылды, тәжірибелі және Жоғары дәрежелі патшайым тағына жан-тәнімен берілген”, сондықтан император көшіп-қонуға рұқсат беруімен бірге, өзінің портреті бар алтын медальді тарту етті. 
Ресей губернаторларымен хат алмасуда Бөкейдің өзі империяның билік алдында оның толық бағынуын көрсететін тек жағымпаздық сарынды ғана қолданды. Сөйтіп, 1812 жылы жазылған хаттың қорытынды бөлімінде титулдық және дипломатиялық комплименттің төмендегідей тұжырымдары болды: “Жоғары мәртебелі тақсыр, мәртебелі граф алдында шексіз жоғары ілтипатпен және шексіз берілгендігіммен сіздердің қызметтеріңізге бас иген ең кішіпейіл қызметші мырзаңыз, қырғыз-қайсақтың Кіші Ордасының иесі Бөкей Нұралиев сұлтан өз мөрімді қоса басамын”. Алайда, біз 1801 жылы жазылған Жарлықтың мәтінінен көріп отырғанымыздай, Бөкей өзінің барлық жоспарларын жүзеге асыра алмады: тек 1812 жылы ғана І Александрдың ұлы Павел тұсындаБөкей хандығы құрылды, ал ол 1815 жылы қайтыс болғанға дейін тек үш жыл ғана Ішкі Орданың ресми ханы болды.
Бөкейдің 5 әйелінен 11 баласы болған. Балаларының бірқатары Ресей императорларының арнайы жарлығымен 19 ғасырдың 20–30-жылдары Ресей империясының дворяндар сословиесіне кірді. Бөкей Түркістанда жерленген.


Б.Абдрасилов - «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының экскурсовод.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...