Әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары

Әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары

Ағымдағы жылдың соңғы айларында қоғамда және БАҚ-та Қарулы күштерде де, басқа да күштік ведомстволарда болып жатқан оқиғаларға байланысты әділ толқулар орын алуда. Еліміздің азаматтарында осы жағдайларға қатысты көптеген сұрақтар туындады. Қорғаныс министрлігінің өкілдері ОКҚ алаңына келіп, осы жағдайларға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаевтың айтуынша, ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде мұндай фактілер соңғы уақыттарда кең тарап, қоғам ішінде әскери қызметтің беделіне үлкен нұқсан келтіруде. Алайда, мәселенің бұған мүлдем сай келмейтінін, тіпті, кейбір ақпараттар бұрмаланып, шындыққа жанаспайтын түрде жеткізіледі. 

«Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Жоғарғы Бас қолбасшымыз өзінің жуырдағы Жолдауында әскери қызметтің қауіпсіздігін негізгі міндеттердің бірі деп атағанын бәріңіз білесіздер. Сол Жолдауында тапсырма бізге қойылды. Ол тапсырма әрбір сержанттың, әрбір офицердің, қорғаныс министрінен бастап, бәрінің жүрегінде. Сол бағытта жұмысты жүргізіп, әрі қарай жетілдіруге шаралар қолданылып жатыр. Президенттің бастамаларын назарға ала отырып, қорғаныс министрі әскерлерде құқықтық тәртіпті, сондай-ақ әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған шаралар жүйесін күшейтуге қатысты бірқатар тапсырмалар берді», – деді спикер.

Ведомство өкілі атқарылып жатқан шараларға тоқталып өтті. Мәселен, қазір барлық әскери бөлімдер мен бөлімшелерде «Серіктес», «Пирамида», «Жауынгерлік дос» жүйелері жұмыс істейді. Сарбаздар «Отбасымен бейнеқоңырау» қызметі арқылы туыстарымен хабарласа алады. Сондай-ақ құқық бұзушылық әрекеттерінің алдын алу мақсатында әрбір әскери қызметші жүгіне алатын профилактикалық кабинеттер мен Сенім телефондары жұмыс істейді. Бұдан бөлек, қызметтік үй-жайлар, оның ішінде казарманың орналасқан жер бейнекамералармен жабдықталған. Ол үшін штаттарға оператор лауазымдары енгізілген.

Сонымен қатар тұрақты негізде әскерде профилактикалық онкүндіктер, акциялар, айлықтар, анонимді сауалнамалар, психологиялық тренингтер, тері ауруларын және одан басқа дене жарақаттарын анықтау үшін әр түрлі дәрежелі медицина қызметкерлері мен командирлердің қатысуымен күнделікті тексерулер өткізіледі. Зақым анықталған жағдайда әскери полиция, әскери-тергеу басқармасы қызметкерлерін шақыру дереу жүзеге асырылады және талқылау жүргізіледі.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіледі, ата-аналар чаттары, сондай-ақ бөлімшелердің өздерінде чаттар жұмыс істейді, онда сарбаздардың ата-аналары да кіреді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Денсаулық сақтау министрінің төрағалығымен ведомство алқасының кезекті отырысы өтті, онда ағымдағы жылдың 9 айында саланың негізгі...