Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовті Түрікменстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовті Түрікменстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Президент құттықтау жеделхатында Ашхабадтың мемлекеттілікті нығайтудағы жарқын жетістіктеріне тоқталып, шетелдік серіктестермен қарым-қатынаста сындарлы ұстанымға жүгінетін бейтарап Түрікменстанның халықаралық аренада зор беделге ие екенін атап өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Түрікменстанмен арадағы ғасырлар бойы жалғасқан достық, тату көршілік қатынас және өзара қолдау дәстүрінен айнымай, екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге бейілді екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас түрікмен халқына бақ-береке тіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов East Hope Group қытай корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Лю Юнсинмен кездесу...

Елімізде 2025 жылғы көктемгі егіс науқаны толық аяқталды. Биылғы егіс жұмыстары диқандар үшін жаңа жағдайда өтті. Үкімет Мемлекет басшысының...

Қыдырбекова Жанар Сиязбекқызы – Шымкент қаласындағы №23 мектеп-лицейінің тарих пәнінің жоғары санатты мұғалімі. Ұлағатты ұстаз саналы ғұмырын жас...