Электронды төлем жүйесін қолданушылардың саны артуда

Электронды төлем жүйесін қолданушылардың саны артуда

Шымкент қаласында жолаушылар көліктерінде «ТӨЛЕМ» электронды билеттендіру жүйесі 2020 жылы 15 қазаннан бастап іске қосылған болатын. Бүгінге дейін қалада жалпы саны 305929 карта сатылды. Оның ішінде 20571 студент карталары және 65358 мектеп оқушылары карталары. Ал 220000-ы стандарт карта түрінде сатылған.

Қазіргі уақытта оқушыға арналған 70000, студенттік 70000, 100000 стандарт карталары сатылымға шығарылған.

«ТӨЛЕМ» жүйесі істен шыққан жағдайда немесе кондуктор/жүргізуші билет бермеген жағдайда қоғамдық көліктер ақысыз қызмет көрсететінін естеріңізге саламыз.

Терминалдар мен валидаторлар қаланың барлық автобустарында жұмыс істеп тұр. Егер валидатордың істемей тұрғанын байқасаңыз немесе кондуктор билет бермей валидатордың жұмыс істемейтіндігі туралы хабарлама берген жағдайда сіз тегін жүру құқығына иесіз.

Қосымша сұрақтар болса бірыңғай тегін 109 нөміріне қоңырау шалуға болады.

«No-comment.kz”-ақпарат

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Грузияның экономика және тұрақты даму министрі Мариам Квривишвилимен кездесу өткізді. Онда сауда мен инвестицияларды...

Мемлекет басшысының туристік сала мәселелері жөніндегі тапсырмасына сәйкес Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың басшылығымен...

Премьер-министр Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Онда инфляцияны тежеу жөніндегі шаралар және елдің алдағы...