АРНАЙЫ ТОП ӨКІЛДЕРІ ШЫМКЕНТ СИТИДЕГІ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ТАНЫСТЫ

АРНАЙЫ ТОП ӨКІЛДЕРІ ШЫМКЕНТ СИТИДЕГІ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласы құрылыс нысандарының жұмыс барысын бақылаушы арнайы топ өкілдері Шымкент ситидегі жол құрылысының мәселелерімен танысты. Шағын ауданда 1,2,3,4,5,6,7 көшеде жол салынып жатыр.

1-көшеге ұзындығы 1538 метр 4 жолақты жол төселеді. Жыл соңында пайдалануға беріледі.

Ал, 2 және 3 көшенің құрылысы осы жазда аяқталады.
4,5,6,7 көшелер өткен жылы пайдалануға берілген. Алайда мұндағы өзекті мәселе — жолдың бойында мемлекеттік мұқтаждыққа қайтарылмаған жеке меншік жер телімдерінің орналасуы. Сондай-ақ, жобада қарастырылған №5 және №3 көшелерінің бойындағы 200 метр ара-қашықтықта тротуарлардың және ішкі жолдарға қоршаулар қойылған.

Арнайы топ мердігер мекемелерге құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізу бойынша тапсырма берді.

«No-comment.kz”-ақпарат

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Грузияның экономика және тұрақты даму министрі Мариам Квривишвилимен кездесу өткізді. Онда сауда мен инвестицияларды...

Мемлекет басшысының туристік сала мәселелері жөніндегі тапсырмасына сәйкес Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың басшылығымен...

Премьер-министр Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Онда инфляцияны тежеу жөніндегі шаралар және елдің алдағы...