АЭС – заман талабы

АЭС – заман талабы

АЭС – салу заман талабы. Салынатын Атом электр станциясы қоршаған ортаға зиян келтірмеуін қадағалау маңызды. Ол үшін бұл салаға өз ісін жетік білетін мамандар қажет.
Мамандарды дайындау кезінде тәжірибесі мол, бұрыннан АЭС-тың игілігін көрген алып мемлекеттермен кеңескен жөн. Оңтүстік Корея, АҚШ, Франция сынды елдерге мамандарымызды тәжірибе алмасу үшін жіберіп, олардың біліктілігін арттыруды басты мақсат етуіміз керек. Оқып келгендер де өздеріне артылған үлкен міндетті түсінуі тиіс. Өйткені олар елдің ертеңі үшін аса маңызды рөл атқармақ.
Еліміз уран өндірісі бойынша әлемде көшбасшы мемлекет саналады, ал уран қоры бойынша екінші орында тұр. Республика аумағында атом саласында 18 мыңнан астам адам еңбек етеді. Бізде Ұлттық ядролық орталық, Ядролық физика институты белсенді әрі жемісті жұмыс істеуде. Отандық және шетел ғалымдарымен, оның ішінде МАГАТЭ-мен халықаралық ынтымақтастық жолға қойылған.

Бақытжан Бейсембаев - Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Түркістан облыстық медиация кеңесінің төрағасы

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Жамбыл облысының Меркі ауданында KeruenInn заманауи қонақ үй кешені іске қосылды. Жоба Үкіметтің Инвестициялық штабының көмегімен жүзеге асырылған....

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп 2026 жылғы қаңтардан бастап цифрлық шешімдердің негізінде халықтың...

В Шымкенте продолжается реализация республиканской экологической программы «Таза Қазақстан», направленной на формирование экологической культуры и...