Мемлекет басшысы Сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі Еуропалық комиссияның президенті Франческо Депаскуалені қабылдады

Мемлекет басшысы Сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі Еуропалық комиссияның президенті Франческо Депаскуалені қабылдады

Қазақстан Республикасы Судьяларының IX съезі аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі Еуропалық комиссияның (CEPEJ) президенті Франческо Депаскуалемен кездесіп, сот жүйесінің реформасы жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Ұйым сот төрелігінің халықаралық стандарттарын қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, Қазақстан тарапы құқық қорғау механизмдерінің озық тәжірибесін отандық сот жүйесіне енгізуге айрықша мән беретініне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде құқықтық және демократиялық қағидаттарға арқа сүйейтін мемлекет құру үдерісі қарқынды жүріп жатқанын айтты. Бұл ретте сот жүйесін реформалау және заң үстемдігін қамтамасыз ету өте маңызды рөл атқарады.

Өз кезегінде Франческо Депаскуале адам құқықтары мен сот төрелігінің тиімділігін қамтамасыз ету мәселесінде ынтымақтастыққа әрдайым дайын екенін жеткізіп, Қазақстанда осы салада жүргізіліп жатқан реформаларды оң бағалады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Жамбыл облысының Меркі ауданында KeruenInn заманауи қонақ үй кешені іске қосылды. Жоба Үкіметтің Инвестициялық штабының көмегімен жүзеге асырылған....

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп 2026 жылғы қаңтардан бастап цифрлық шешімдердің негізінде халықтың...

В Шымкенте продолжается реализация республиканской экологической программы «Таза Қазақстан», направленной на формирование экологической культуры и...