Шымкентте «Ақылды аялдамалардың» санын арттыру жоспарлануда

Шымкентте «Ақылды аялдамалардың» санын арттыру жоспарлануда

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исаховтың қатысумен ұйымдастырылған пресс-тур аясында БАҚ өкілдері Солтүстік шағын ауданында пилоттық режимде орнатылған «Ақылды аялдама» жобасының жұмыстарымен танысты.

Қазіргі таңда шаһардағы «ақылды аялдамаға» салқындатқыш, бейнекамера және антивандалды экран орнатылып, халық игілігіне берілген.

Мақсұт Пернебайұлының айтуынша, аялдаманың толық аяқталуы үшін бірнеше құжаттары мен ішкі құрылысында орналасқан маршрутты көрсететін LED экран орнатылуы қажет. Алдағы уақытта жоба оң нәтиже берген жағдайда, «ақылды аялдамалардың» санын арттыру жоспарда бар.

Айта кетейік, алдағы уақытта аялдама қосымша жабдықтармен қамтылмақ, яғни ішінде салқындатқыш, бейнекамера, 2 дана LED экран, wi-fi және басқару панелі орналасады. Ал сыртқы бетінде антивандалды жарнамаға арналған экран қойылады.

 «No-comment.kz”-ақпарат

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында Президенттің энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын, сазгер, Қазақстанның халық жазушысы, «Парасат» орденінің иегері Исраил Сапарбайдың дүниеден өтуіне...

Премьер-министр Олжас Бектенов «Металлург күні» кәсіби мерекесіне орай тау-кен металлургия саласының еңбеккерлеріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік...