Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Шымкентке жұмыс сапарымен келген Малайзияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мохд Адли Бин Абдулламен кездесті, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқыланды.
Кездесуде Ғабит Сыздықбеков қаланың инвестициялық әлеуеті туралы айтты. Сонымен бірге инвестициялық жобаларды сәтті іске асыруға қажетті қолдау көрсетуге дайын екендігін де жеткізді.
Жылы кездесу нәтижесінде екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған серіктестікті одан әрі дамыту мақсатында тығыз байланыста болу туралы келісімге келді.
Осындай кездесулерге жоғары лауазымды делегациялардың қатысуы мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін және олардың тиімді қатынастарды дамытуға ұмтылысын көрсетеді.
Бұл сапар қаланың халықаралық серіктестердің назарын аударуды жалғастырып жатқанын, ал оның экономикалық және мәдени әлеуеті халықаралық аренада танылатынын айғақтайды.