Вице-премьер Серік Жұманғаринге «Дустлик» ордені табысталды

Вице-премьер Серік Жұманғаринге «Дустлик» ордені табысталды

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиёр Ибрагимовпен кездесті, деп хабарлайды No-comment.kz - Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.

Тараптар Қазақстан мен Өзбекстанның аграрлық саладағы ынтымақтастығының алдағы жобаларын талқылап, бидай, күріш және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарын терең өңдейтін бірлескен өндірістер құруға баса назар аударды. Кездесуге қатысушылар екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жоғары деңгейі мен белсенді қарқынын, сондай-ақ бизнес тараптарының түрлі бағыттағы бірлескен әрекеттерін жоғары бағалады.  

Өзбекстан басшысының атынан Бахтиёр Ибрагимов Серік Жұманғаринге «Дустлик» орденін табыстады. 2024 жылдың тамыз айында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанның бір топ мемлекет және қоғам қайраткерлерін «Дустлик» орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойып, олардың Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы өзара құрмет, сенім және стратегиялық серіктестік қатынастарын жаңа деңгейге көтерудегі жеке үлестерін атап өткені белгілі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...