"Ашық аспан" режимі: Орал қаласының әуежайына 5-ші дәрежелі «әуе еркіндігін» пайдалану құқығы берілді

"Ашық аспан" режимі: Орал қаласының әуежайына 5-ші дәрежелі «әуе еркіндігін» пайдалану құқығы берілді

Мемлекет басшысының ұшу географиясын кеңейту және халықаралық ұшулар санын ұлғайту тапсырмасы аясында Орал қаласының әуежайында "ашық аспан" режимі енгізілді. Тиісті құжатқа Көлік министрі Марат Қарабаев қол қойды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Демек қазіргі таңда еліміздің 15 әуежайы «ашық аспан» тәртібіне сәйкес жұмыс атқарады. Олардың қатарында Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Қараганды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавлов, Семей, Түркістан, Қостанай и Орал қалаларының әуежайлары бар.

"Ашық аспан" тәртібін енгізу жаңа шетелдік тасымалдаушыларды тартуға, жаңа халықаралық бағыттарды ашуға, бәсекелестікті арттыруға ықпал етеді.

5-ші әуе еркіндігі бар ұшулар шетелдік әуе компаниялардың Қазақстан қалалары арқылы үшінші елдердің қалаларына ұшуын білдіреді.

Сонымен қатар, Орал қаласы тұрғындарының өтініші бойынша авиарейстерді орындау кестесі түнгі уақыттан күндізгі және кешкі уақытқа қайта жоспарланды. Қала тұрғындарының өтініші назардан тыс қалған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі күні Орал қаласы әуежайында 5 ішкі (Астана, Алматы, Түркістан, Атырау, Ақтау) және 1 халықаралық бағыттағы (Франкфурт) рейстер қарастырылған. Бір аптада 32 рейс орындалады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...