Шымкентте сенбілік жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде

Шымкентте сенбілік жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде

Өткен аптада Шымкент қаласы әл-Фараби ауданына қарасты Жангелдин 8, 8а аулаларында және Қабанбай батыр көшесінде сенбілік жұмыстары өтті. Ауладағы сынған, қураған ағаштар қырқылып, қоқыстар шығарылды. Балалар алаңшасындағы ойын элементтері мен орындықтарды сырлау, ағаш түптерін әктеу, шөп ору жұмыстары атқарылды.

Сондай-ақ, Қабанбай батыр көшесінде автобус бекеттерінің айналасы сыпырылып, аялдамалар мен қоқыс жәшіктері жуылды.

Аталған тазалық жұмыстарына «Айдынбек» ЖШС-і, «Назар» ЖШС-і және «Бәйдібек-ЛБ» ЖШС-і тарапынан 9 арнайы техника, 90-ға жуық жұмысшы тартылды.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Сенбі, 18 мамыр күні Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеіңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының...