Құтқарушылар өрт қауіпсіздігі ережелерін тағы да еске салды: 580 мың адамға нұсқау берілді

Құтқарушылар өрт қауіпсіздігі ережелерін тағы да еске салды: 580 мың адамға нұсқау берілді

Жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін халықтың әлеуметтік осал топтарына ерекше көңіл бөлінеді. Әкімдіктермен бірлесіп, осы санаттағы отбасылар тұратын 101 мың тұрғын үй есепке алынды. Олар профилактикалық жұмыстармен 98%-ға қамтылды, 278 мың адамға нұсқау берілді. Бұл мәліметтерді ОКҚ алаңында ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Қанат Доспаев айтты, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар өткен жылыту маусымдарының тәжірибесіне сүйене отырып, жазатайым оқиғалар қаупі бар автономды жылыту жүйелері бар тұрғын үйлерде профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Мәселен, мамандар 220 мыңнан астам үйдіаралап, 580 мыңға жуық адамға нұсқау берілді.  

«Тұрғын үй секторында анықталған бұзушылықтар барлық жерде бірдей - бұл тазартылмаған мұржалар, ақауы бар электр желілері және жылыту пештері. Өрт датчиктерін орнату қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қауіпті факторларды ерте анықтауда маңызды рөл атқарады. Ағымдағы жылдың 1 - маусымынан бастап жеке тұрғын үйлерде олардың 8 мыңнан астам датчик орнатылды, 2016-2024 - жылдардағы жылыту кезеңдерінде 53 датчик іске қосылды, олар 245 адамның өмірін сақтап қалды», - деп атап өтті спикер.  

Жалпы, түрлі ақпараттық науқанды тұрақты түрде өткізу жоспарда бар, онда халыққа қалыптасқан жағдайларға қарапайым ден қою шаралары жеткізілетін болады. Алайда, алдын алу шараларына қарамастан, өрттер жалғасуда. 

«Азаматтарымызға ескерткім келеді: өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтаңыздар. Электр құралдары мен желілерінің дұрыс жұмыс істеуін қадағалаңыздар; тек ақаусыз жылыту және электр жабдықтарын пайдаланыңыздар; бір уақытта бірнеше жоғары қуатты құралдарды қоспаңыздар, электр желісін шамадан тыс жүктемеңіздер; түтін мұржаларын күйеден тазалаңыздар; пешті қыздырмаңыздар және жарықты уақтылы өшіріңіздер; пеште және оның жанында тұрмыстық заттарды кептірмеңіздер; сөндірілмеген темекі мен сіріңке қалдырмаңыздар; балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз, балаларға пеш жағуға рұқсат бермеңіз және сеніп тапсырмаңыздар», – деді ТЖМ өкілі қазақстандықтарға.   

Көміртегі тотығымен улану қаупін азайту үшін тек жұмыс істейтін пештерді пайдалану қажет; мұржаны уақытылы тазалап, желдету жүйесінің жұмысын үнемі тексеріп отыру; пештерді төсеу мен жөндеуді тек мамандарға сеніп тапсырған жөн.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...