Үкімет басшысы Асқар Мамин 21 маусымда - жұмыс күні аяқталғаннан кейін коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Премьер-министр Қарағанды фармацевтикалық зауытында шығарылған «Спутник V» вакцинасын алды.
«Асқар Маминнің вакциналаудан кейінгі жағдайы жақсы, ешқандай жанама әсерлері болған жоқ», - делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 2,8 млн-нан астам адам бірінші компонентті, 1,7 млн-нан астам адам екінші компонентті алды.