Алматылықтар шағын және микро бизнесті дамытуға 2,6 млрд теңгеге жеңілдетілген несие алды

Алматылықтар шағын және микро бизнесті дамытуға 2,6 млрд теңгеге жеңілдетілген несие алды

«Almaty Finance» еншілес ұйымы (Алматы ӘКК компаниялар тобына кіреді) «Алматы» МҚҰ ағымдағы жылдың 9 айында алматылықтарға шағын және микробизнесті дамыту үшін 80-нен астам жеңілдетілген несие берді, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Несиелердің ең көп бөлігін өндіріс және өңдеу (30%), денсаулық сақтау (17%), білім беру (10%), халыққа қызмет көрсету (10%), туризм (6%), әлеуметтік кәсіпкерлік (6%), сонымен қатар креативті экономика (5%) салаларында жобалары бар кәсіпкерлер алған.

Көрсетіліп отырған кезеңдегі қаржыландырудың жалпы сомасы 2,6 млрд теңгеден асты.

Кәсібін енді бастаған және тұрақты жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерге «Almaty Business-2025» өңірлік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жылдық 2% және 6% жеңілдікпен несие берілді. Ақша жабдықты, шикізатты сатып алуға, айналым қаражатын толықтыруға және басқа да бизнес қажеттіліктерін жабуға бөлінеді.

«Алматы» МҚҰ-ның 7 жылдық мерзімге дейін беретін несиесінің ең жоғары сомасы 73 840 000 теңгені құрайды.

2019 жылдан бастап 2024 жылдың 3 тоқсанына дейін «Алматы» МҚҰ барлығы 12,5 млрд теңгеге жуық сомаға 560-тан астам шағын және микро бизнес жобаларын қаржыландырды.

««Алматы» МҚҰ-ның «Almaty Business» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несиелендіру аясында қалада 2300-ден астам жұмыс орны ашылды. Жаңа кәсіпкерлік субъектілерінің ашылуымен қатар, бағдарлама жергілікті бюджетке салық түсімдерін арттыруға да белсенді ықпал етуде», - деп атап өтті «Алматы» МҚҰ Басқарма төрағасы Алтай Исмағамбетов.

«Алматы» МҚҰ-ның жеңілдетілген несиелендіруі туралы толығырақ ақпаратты +7 (727) 390 80 42 телефоны арқылы немесе https://mfoalmaty.kz/  сайтынан біле аласыз.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...