Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді Аустрия Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.
Президент жеделхатында екі ел арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар бірлескен күш-жігер арқылы Қазақстан мен Аустрияның ықпалдастығы қос халықтың игілігі үшін беки түсетініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленге және Аустрия халқына құт-береке тіледі.