Халықаралық байқаушылардың референдумға деген қызығушылығы жоғары

Халықаралық байқаушылардың референдумға деген қызығушылығы жоғары

4 қазанда Қазақстанның Орталық референдум комиссиясында халықаралық байқаушылармен бес кездесу өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Орталық Сайлау комиссиясына сілтеме жасап.

Нұрлан Әбдіров Беларусь Республикасы ОСК Төрағасы Игорь Карпенкомен, Америка Құрама Штаттарындағы Сайлауға жәрдемдесу жөніндегі комиссияның Вице-төрағасы Дональд Палмермен, Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Бас хатшысының орынбасары Сади Джафаров бастаған ТМҰ байқаушылар миссиясының делегациясымен, Түркияның Жоғары сайлау кеңесінің мүшелері Чопур Али және Үркер Алимен кездесулер өткізді. ОРК-да Молдова Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Мирчей Катырэумен кездесу де өтті.

Игорь Карпенкомен кездесуде Қазақстан ОРК басшысы ТМД-ға қатысушы елдердің Орталық сайлау органдары басшыларының консультативтік кеңесіне төрағалық ету шеңберінде Беларусь ОСК-мен өзара іс-қимылға баса назар аударды. 

Дональд Палмермен сөйлесе отырып, Нұрлан Әбдіров Қазақстандағы сайлау процестерін алғаш рет АҚШ-тағы Сайлауға жәрдемдесу жөніндегі комиссияның өкілі байқап отырғанын атап өтті.

Өз кезегінде Д.Палмер келесі мәлімдеме жасады: «Қазақстандағы демократиялық реформалар туралы толық ақпарат үшін алғыс айтамын, АҚШ үшін дауыс берудің ашық әрі анық болуы маңызды. Мен Қазақстанда алғаш рет келіп отырмын және бұл мен үшін референдумға қатыса отырып, Қазақстанның сайлауы мен референдумы бойынша жүйені жақсырақ зерделеуге үлкен мүмкіндік. Референдумға дайындық бірнеше айға созылды, көп жұмыс жасалды.

Елдеріміздің сайлау органдары арасында тәжірибе алмасуды жалғастыру үшін біз ҚР ОСК өкілдерін 2024 жылғы 5 қарашада АҚШ-тағы президенттік сайлауды байқауға шақырдық. 

АҚШ үшін маңызды мәселелердің бірі - мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқығын қамтамасыз ету. Бүгін мен Қазақстанда да бұл мәселелерге үлкен мән берілетіні туралы хабардар болдым».

ТМҰ-мен ынтымақтастық Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ТМҰ-на мүше мемлекеттердің Орталық сайлау органдарының консультативтік кеңесін құру туралы бастамасын іске асыру шеңберінде де, ал Түркия және Молдовамен екіжақты меморандумдарды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады. 

Кездесулерде Нұрлан Әбдіров қонақтарды 6 қазанға белгіленген республикалық референдумға дайындық және оны өткізу барысы туралы, сондай-ақ учаскелердің дауыс беру күніне дайындығы туралы хабардар етті, плебисцитті ұйымдастыруға және өткізуге қатысты кездесулерге қатысушылардың науқанның негізгі кезеңдері және оның қорытындыларын шығару туралы сұрақтарына жауап берді.

Кездесу барысында ОРК Төрағасы елімізде халықаралық байқаушылардың сайлау науқандарына қатысуына, оның ішінде Қазақстанның демократиялық дамуын қолдаудың айғағы ретінде маңызды мән берілетінін атап өтті.

Кездесулерге қатысушылар референдум қарсаңында еліміздегі тыныш және мейірімді жағдайды, науқанды ұйымдастырушылардың жоғары кәсіби дайындық деңгейін атап өтіп, дауыс беру күні объективті және бейтарап түрде байқауды жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Денсаулық сақтау министрінің төрағалығымен ведомство алқасының кезекті отырысы өтті, онда ағымдағы жылдың 9 айында саланың негізгі...