Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Dalian Hesheng Holdings Group Co., Ltd. компаниясының басшылығымен астықты терең өңдеуді жүзеге асыруды талқылады

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Dalian Hesheng Holdings Group Co., Ltd. компаниясының басшылығымен астықты терең өңдеуді жүзеге асыруды талқылады

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Dalian Hesheng Holding компаниясының (ҚХР) төрағасы Ван Вэньфэнгпен кездесті. Компания астықты терең өңдеу зауытын салу жобасын іске асыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды No-comment.kz - Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.

Ақмола облысында натрий глутаматы, амин қышқылдары және экологиялық таза пластик өндіретін астықты терең өңдеу зауытының құрылысы жоспарланған. Ван Вэньфэнг жобаны жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдар тарапынан белсенді қолдау көрсетілгенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша екі тарап жоба сәтті іске асырылады және өзара тиімді ынтымақтастық одан әрі нығая түседі деген сенім білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алдағы 5 жылда Шымкентте 600 мың ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Биыл 200 мыңға жуық ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде.  Қала...