Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия Президенті Александр Вучичке көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия Президенті Александр Вучичке көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Нови-Сад қаласындағы теміржол вокзалында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Сербия Президенті Александр Вучичке көңіл айтты, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

– Осындай ауыр сәтте достас Сербия халқының қайғы-қасіретіне ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға қайғыра көңіл айтамын. Оқыс оқиғада бақилық болғандардың туыстарына сабыр, ал зардап шеккен жандардың тез арада сауығып кетуін тілеймін,– деп жазылған жеделхатта.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қазақстан Америка Құрама Штаттарының бұрыннан келе жатқан сенімді сауда әрі инвестициялық серіктесі ретінде әділ, түсінікті және...

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Арал теңізінің құрғаған табанында жүргізіліп...