Үкіметте дәнді дақылдардың жаңа өнімін қабылдау және экспортқа жөнелту барысы қаралды

Үкіметте дәнді дақылдардың жаңа өнімін қабылдау және экспортқа жөнелту барысы қаралды

Үкіметте егін жинау науқаны жөніндегі жедел штаб отырысында элеваторларда дәнді дақылдардың жаңа өнімін қабылдау және экспортқа жөнелту барысы қаралды, деп хабарлайды No-comment.kz - Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.

Дәнді және бұршақ дақылдарын жинау 99,8%-ға аяқталды. Орташа өнімділік 16 ц/га құрайды, 26,6 млн тонна астық бастырылды. Майлы дақылдарды жинау жалғасуда, қазірдің өзінде 2,4 млн га жиналды, бұл астық жинау алаңының 83,1%-ына тең. Майлы дақылдардың жалпы өнімі 2,7 млн тонна болды, орташа өнімділігі 11 ц/га.

Биылғы қыркүйек–қазан айларында теміржол көлігімен 2,2 млн тонна жаңа астық тасымалданды, бұл өткен жылғы аталған екі аймен салыстырғанда 42%-ға артық. Қазірдің өзінде 1,8 млн тонна экспортталды (2023 жылдың екі айына +48%).

Ресей арқылы тасымалдау шектеусіз жүреді. Қазақстандық астықтың РФ экспорты екі ай ішінде 43 мың тоннаны, РФ арқылы транзитпен 104 мың тоннаны құрады. Ақтау порты арқылы Иран бағытында белсенді астық жөнелтілімдері – қыркүйек–қазан айларында 249 мың тонна болды. Орталық Азияның дәстүрлі нарықтарына жаңа өнімді тасымалдау былтырғымен салыстырғанда 36%-ға өсті: қазірдің өзінде 1,036 млн тоннаға жетті. Сонымен қатар Азық-түлік корпорациясы елдің астық нарығының операторы ретінде фермерлердің астық жөнелтілімдерін шоғырландыру арқылы фермерлерге өзінің «қолшатыр» брендімен астықты экспортқа тасымалдауға көмектеседі.

Жедел штаб отырысында жекелеген фермерлердің астықты элеваторларға тапсыра алмайтындығы туралы шағымдары да қаралды. Республикадағы астық сақтаудың жалпы сыйымдылығы 30 млн тоннаны құрайды, лицензияланған элеваторлар 42% жүктелген, бос орындар көлемі – 7,6 млн тонна. Осылайша, еліміздің негізгі астықты аймақтарында жаңа дақылды үздіксіз қабылдауға мүмкіндіктер бар. Премьер-министрдің орынбасары Ауыл шаруашылығы министрлігіне және Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының әкімдеріне барлық туындаған мәселелер бойынша жедел хабарлау үшін нақты тұлғаларды көрсете отырып, бұл ақпаратты шаруаларға жеткізуді тапсырды.

«Қазақстан әлемдік астық экспорттаушылардың ондығына кіреді. Егінді түгелдей дерлік жинап алдық, енді оны экспортқа шығарып, шаруаларға астықты кепілдікпен сатып алуға көмектесу керек», — деп қорытындылады отырысты Серік Жұманғарин.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Отбасының цифрлық картасын енгізудің нәтижесінде 2024 жыл басталғалы 482,4 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін...