Қасым-Жомарт Тоқаев: "Қазақстан экономикасы қиындықтарға қарсы тұруға дайын болуы тиіс"

Қасым-Жомарт Тоқаев: "Қазақстан экономикасы қиындықтарға қарсы тұруға дайын болуы тиіс"

Ресейге салынып жатқан санкцияларға Қазақстан экономикасы да дайын болуы керек. Бүгін NUR Otan партиясының кезектен тыс өткен XXII Съезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрші елдегі жағдайға қатысты пікірін айтып, Үкіметке тапсырма бергенін мәлімдеді.

Мемлекет басшысы санкциялар жағдайында елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуді тапсырған.

«Бәрімізге бірге келешек сын-тегеуіріндер мен қиындықтарды еңсеретін боламыз. Олардың күрделі екендігін елемеуге болмайды. Бірақ асыра сілтеудің де қажет жоқ», - деді Мемлекет басшысы.  

Президент өз сөзінде партия фракциясының қызметін Мәжілісте және мәслихаттарда жандандыру керек екенін атап өтті. 

«Партия жанында түрлі кеңестер мен комиссиялар баршылық. Оларда дәл сол мәселелер қайталанып талқыланып келеді, алайда нақты шешімдер сирек қабылданады», - деді Президент партияның кезектен тыс съезінде.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мемлекеттік қызметтерді дамыту және цифрландыру...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мемлекеттік қызмет көрсету саласын дамыту мен...