«Amanat» партиясының Маңғыстау облыстық филиалында кезектен тыс XXXVIII конференциясы өтті, деп хабарлайды NO-COMMENT.KZ Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
«Құрметті делегаттар, бүгінгі конференцияда «Amanat» партиясының Маңғыстау облысы бойынша сайлауалды бағдарламасын бекіту, партиялық тізім және бірмандаттық сайлау округтері бойынша сайланатын Маңғыстау облысы мәслихатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну міндеттері тұр. Сондықтан жиынды ашық форматта өткізуді ұсынамын», - деді «Amanat» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Нұрбек Қарасайұлы.
Конференцияда Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаттығына партиялық тізім және бірмандаттық сайлау округі бойынша үміткерлердің тізімі қаралып, ұсыныстар тыңдалды.
Сондай-ақ кезектен тыс конференцияда 7 ақпанда Астана қаласында өтетін «Amanat» партиясының кезектен тыс XXV съезіне Маңғыстау облысынан баратын делегаттар тізімі анықталды.