«Севилья» - Еуропа Лигасының чемпионы!

«Севилья» - Еуропа Лигасының чемпионы!

«Кәрі құрлықтағы» тағы бір мәртебелі дода аяқталды. Бүгін түнде футболдан Еуропа Лигасының финалында испандық «Севилья» мен Италияның «Интері» кездесті. Германияның Кёльн қаласындағы «Рейн Энерги» аренасында өткен бұл матч нағыз финалдық ойынға тән өтті. Бірінші таймның өзінде-ақ қос команда бір-біріне екі бірдей доп соқты. Ал, екінші таймда қарсыластар сақ қиымлдады. Кез-келген сәтсіз қимыл, сәтсіз пас голға айналуы мүмкін екендігін сезді. Алайда, осы матчта фаворит саналған «Интер» ойыншыларының жүйкесі екінші таймда сыр берді. Нәтижесінде «Севилья» қарсыластарын 3:2 есебімен ұтып Еуропа Лигасының чемпионы атанды. Осылайша испандық клуб бұл кубокті алтыншы рет жеңіп алды.

 

No-comment.kz

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мемлекеттік қызметтерді дамыту және цифрландыру...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мемлекеттік қызмет көрсету саласын дамыту мен...