Қазақстандық теннисші Испаниядағы турнирдің жеңімпазы атанды

Қазақстандық теннисші Испаниядағы турнирдің жеңімпазы атанды

Қазақстандық Тимофей Скатов Испаниядағы Мелилье ITF турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Prosport.kz-ке сілтеме жасап.

«Дүниежүзілік рейтингте 472-орында тұрған 19 жастағы қазақстандық теннисші доданың екінші ракеткасы болып тіркеліп, барлығы бес кездесу өткізді. Соның ішінде Т.Скатов жартылай финалда Нидерланд өкілі Макс Хаукесті 6:2, 6:1 есебімен тізе бүктірді. Финалда рейтингте 724-сатыдағы даниялық Хольгер Рунемен бас жүлдені сарапқа салды», - деп жазылған ақпаратта.

Бірінші партияда даниялық спортшы басым түсті – 6:3. Екінші сетте Т.Скатов қарсыласына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0. Үшінші, шешуші партияда қазақстандық теннисші брейкпен алға кетті – 2:1. Тағы бір брейк – 4:1. Т.Скатов матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:1.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет Мемлекет басшысының биылғы наурыз айында Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмасы аясында ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге...

Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесінің берілуімен бірге, қаланың бас жоспары қайта жаңартылып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы...