Неймар Роналдоны басып озып, Пеленің рекордын жаңартуға кірісті

Неймар Роналдоны басып озып, Пеленің рекордын жаңартуға кірісті

Бразилия ұлттық құрамасының шабуылшысы Неймар 2022 жылы Қатарда өтетін футболдан әлем чемпионатына іріктеу ойындарында Перу құрамасына қарсы ойнап, хет-трик жасады. Іріктеудің бірінші турында Боливия құрамасын 5-0 есебімен жеңген бразилиялықтар екінші турда 4-2 есебімен Перуден басым түсті. Перу қақпасына кірген 4 голдың үшеуін Неймар салып, матчтың үздік ойыншысы атанды.

ПСЖ клубының лидері – шабуылшысы Неймардың Бразилия ұлттық құрамасы үшін салған голдарының саны 64-ке жетті. Неймар бұл көрсеткіш бойынша атақты бразилиялық ойыншы Роналдоны (62 гол) басып озды.

Ұлттық құрама тарихындағы ең үздік сұрмерген – Пеле. Оның еншісінде 77 гол бар.

Неймар – 2010 жылдан бастап Бразилия ұлттық құрамасының ойыншысы. Ол 10 жылдың ішінде 103 матч өткізді. 64 голдың 42-сін жолдастық кездесуде, 22-сін ресми матчтарда салған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ