Халықаралық олимпиада күні: Ақтөбе облысынан шыққан спортшылар

Халықаралық олимпиада күні: Ақтөбе облысынан шыққан спортшылар

23 маусым әлемдегі спортсүйер қауым үшін ерекше дата. Бұл күні Халықаралық Олимпиада комитеті құрылған және жыл сайын Олимпиада күні атап өтіледі. Бұл ауқымды мереке әлемнің әр түкпірінде өткізіліп, спортқа бей-жай қарамайтын барша жанның басын қосады, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысынан шыққан атақты спортшылар өте көп. Олардың көшін бастап тұрған – боксшы Галиб Жафаров. Боксшы 2003 жылы Бангкокте өткен әлем біріншілігінде чемпион атанса, 2004 жылы Азия чемпионы атағын иеленді. Одан бөлек, Жафаров Афины Олимпиадасына қатысып, Пусан (2002) және Дохадағы (2006) Азия ойындарында тиісінше күміс және қола жүлдегер болды. Одан бөлек, 2001 жылы Белфастағы әлем чемпионатының күміс медаль иегері.

Еліміздің батысындағы қаланың намысын қорғап, Олимпиада жүлдесін иеленген тағы бір спортшы – Нұрислам Санаев. Еркін күрес шебері Токио Олимпиадасында 57 келі салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алды.

Сондай-ақ, Санаев екі әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына жүлде салды. Алдымен Будапештте (2018) күміс медаль алса, Астанадағы  (2019) әлемдік додада үздік үштікке енді. Бішкекте өткен Азия чемпионатында Нұрислам жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілген.

Санаевтан бөлек, тағы екі балуан Ақтөбе облысының намысын абыроймен қорғауда. Еркін күрес шебері Мейрамбек Қартбай Азия біріншілігінің қола жүлдегері. Ал еркін күрестен аса ауыр салмақта сынға түсетін Юсуп Батырмұрзаев Токио Олимпиадасында бақ сынап, Париждегі  Олимпиада ойындарына тағы жолдама алып отыр. Батырмұрзаев Азия чемпионатында да топ жарған.

Грек-рим күресінің шебері Мейрамбек Айнағұлов та әлемдік жарыстарда жақсы нәтиже көрсетті. Ол әлем чемпионатының күміс (2017) және қола (2019) жүлдегері, Азия ойындарының қола жүлдегері (2018), Азия чемпионатының төрт дүркін жүлдегері.

Ашық суда жүзудің шебері Евгений  Худяков Азия чемпионы атанып, Токио Олимпиадасында ел намысын қорғады.

1948 жылы Санкт-Морицада өткен ХОК-тің 42-сессиясында Халықаралық Олимпиада комитеті жыл сайын 23 маусымда Халықаралық Олимпиада күнін өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл 1894 жылы 23 маусымда ХОК-тің құрылған күнін есте сақтау үшін жасалған қадам. Дәл сол күні Олимпиадалық қозғалысты бастаған барон Пьер де Кубертен халықаралық атлетикалық конгрестің алдында өзінің тарихи баяндамасын жариялаған болатын. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылар ұсынған өнімдер...

Жыл басынан бері мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 508,3...