Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы сапында Олимпиадаға ең соңғы болып жолдама алған Мұхамедсабыр Базарбайұлы Таиландтағы іріктеу турниріне баға берді, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
"Бапкеріммен бірге қарсыласымды зерттеп, айламен жұдырықтасу керек деп шештік. Өйткені, ол физикалық тұрғыдан мықты екен. Алғашқы раунд қиындау болды, кейін өз мәнерімді таптым. Бұл турнирде алты жекпе-жек өткізіп, бесеуінде жеңіске жеттім. Олимпиаданың өзінде төрт кездесу болады. Ал кубалыққа қатысты айтар болсам, төреші кімнің қолын көтерсе, сол жеңімпаз. Енді Олимпиадаға аз уақыт қалды. Халқымды жеңіспен қуантуға тырысамын", - деді спортшы.