Қазақстанда алғаш рет халықаралық биатлоншылар одағының курсы өтеді

Қазақстанда алғаш рет халықаралық биатлоншылар одағының курсы өтеді

Қазақстанда алғаш рет жас жаттықтырушыларға арналған Халықаралық Биатлоншылар Одағының курсы өтеді, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

7-12 шілде аралығында Щучинсктегі Қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиадалық даярлау орталығының базасында Халықаралық Биатлоншылар Одағының жас жаттықтырушыларға арналған курсы өтеді.

Іс-шараға 20-ға жуық қазақстандық жас жаттықтырушылар, сондай-ақ Грузия мен Қырғызстаннан келген мамандар қатысады.

Германия, Австрия және Норвегиядан келген үздік лекторлар өз білімдерімен бөлісіп, құнды тәжірибелерімен алмасады.

Айта кетелік, әлемдік федерация ұйымдастыратын курс Қазақстанда тұңғыш  рет өтеді. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ауған тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу жұмыс сапарымен Ауғанстанға...

Түркістан облысының Сауран ауданында ірі мал бордақылау алаңдары шоғырланған агроиндустриялық кластер құруға бағытталған ауқымды инвестициялық жоба...