Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Лондонда өтіп жатқан "Уимблдон" турнирінің үшінші кезеңіне өтті, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Чехиялық Катерина Синяковаға қарсы өткен кездесу үш сетке созылды.
Қазақстандық спортшы 6:0, 4:6, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Келесі ойында ол Ига Швентек (Польша) пен Петра Мартич (Хорватия) арасындағы матч жеңімпазымен кездеседі.