Қазақстандықтар Амир Омарханов пен Соня Жиенбаева жасөспірімдер арасында Уимблдон турнирінің 1/8 финалына жолдама алды, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Жарыстың 13-ракеткасы болып тіркелген Омарханов екінші айналымда ұлыбританиялық Люк Хупермен кездесті.
Бірінші партияда Амир 6:4 есебімен басымдылық танытса, екіншісінде корт иесі есе қайырды – 7:5. Шешуші, үшінші сетті Омарханов брейкпен түйіндеді – 6:3. Тартысты матч 2 сағат 16 минутқа созылды.
Амир Омарханов ширек финалға шығу үшін турнирдің 1-ракеткасы, америкалық Кейлан Бигунмен кезедеседі
Соня Жиенбаева жасөспірімдер арасында Уимблдон турнирінің үшінші айналымына өтті. Қазақстандық теннисші екінші айналымда жасөспірімдер арасында ITF 19-ракеткасы, жапониялық Эни Койкені жеңді.
Соня Жиенбаева ширек финалға шығу үшін словакиялық Рената Ямриховамен ткездеседі.