Алматыда үстел теннисінен WTT Youth Contender турнирі өтеді

Алматыда үстел теннисінен WTT Youth Contender турнирі өтеді

Алматыда үстел теннисінен WTT Youth Contender Almaty халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлемдік бәсеке 27-30 шілде аралығында өтеді. Мұнда 5 жас санаты бойынша жүлдегерлерге медаль үлестіріледі. 

Аталған турнирде 17 елден келген 230 спортшы бақ сынайды. Бельгия, Гонконг, Үндістан, Иран, Қатар, Қытайлық Тайпей, Қырғыз Республикасы, Моңғолия, БАӘ, Сауд Арабиясы, Словакия, АҚШ, Түркіменстан, Түркия, Өзбекстан, Жапония және Қазақстан өкілдері WTT Youth Contender Almaty жарысына қатысатындарын растады. 

Жарыс соңында жүлделер жинаған ұпайы арқылы әлемдік рейтингідегі орнын жақсарта алады.

Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) және Дүниежүзілік үстел теннисінің (WTT) қолдауымен өтетін турнирге 11 мен 19 жас аралығындағы спортшы ұлдар мен қыздар қатысады. 

Айта кетейік, спорттық бәсеке Алматы ADD үстел теннисі орталығында өтеді. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Әкім Алматының энергожүйесін басқаруда цифрлық технологияларды енгізуді тапсырды. Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында «Алатау Жарық...

Президент мейманға ілтипат танытып, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне қатысқаны үшін ризашылық білдірді, деп хабарлайды ...

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Шейх-уль-ислам...

Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік даошылар федерациясының төрағасы Ли Гуанфу, Қытай буддашылар қауымдастығы төрағасының орынбасары Цзин Бо және ҚХР...

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы – алдын ала жоспарланған, құрылымдық жүйесі мен бағыттары айқындалған маңызды құжат. Бағдарламаның сапалы іске...