Бадминтоннан Қазақстан алғаш рет олимпиадада бақ сынайды: Панариннің қарсыласы кімдер

Бадминтоннан Қазақстан алғаш рет олимпиадада бақ сынайды: Панариннің қарсыласы кімдер

Париждегі Олимпиада ойындары аясында бадминтоннан іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл сында Қазақстан намысын Дмитрий Панарин қорғайды. Ол бадминтоннан Олимпиадаға алғаш рет қатысып отырған қазақстандық спортшы. 

Жеребе қорытындысы бойынша Панарин D тобына түсті. Оның алғашқы айналымдағы қарсыластары – жапондық Кента Нишимото мен канадалық Брайан Янг. 

Қазақстандық теннисші алғашқы матчын 28 шілде күні Нишимотоға қарсы өткізеді. Матч Астана уақытымен 12.30 басталады. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ