Қазақстан Париж олимпиадасындағы алғашқы медалін жеңіп алды

Қазақстан Париж олимпиадасындағы алғашқы медалін жеңіп алды

Нысана көздеуден Қазақстан командасы Париж Олимпиадасының қола  жүлдегері  атанды, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында Ислам Сәтпаев пен Александра  Ле қола медаль жеңіп  алды.

Кіші финалда олар Германия құрамасынан басым түсті. Есеп - 17:5. 

Осылайша, араға ұзақ үзіліс салып мергендер Олимпиада медалін еншіледі. 

Айта кетелік, нысана көздеуден Қазақстан командасының бас бапкері - Ольга Довгун. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет Мемлекет басшысының биылғы наурыз айында Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмасы аясында ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге...

Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесінің берілуімен бірге, қаланың бас жоспары қайта жаңартылып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы...