Нысана көздеу: Александра Ле Париж Олимпиадасының финалына жолдама алды

Нысана көздеу: Александра Ле Париж Олимпиадасының финалына жолдама алды

Нысана көздеуден Қазақстан командасының мүшесі Александра Ле Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Александрра 10 метрге пневматикалық винтовкамен нысана көздеуден іріктеу кезеңін алтыншы орынмен аяқтады. Ал финалға алғашқы сегіз спортшы өткенін естеріңізге саламыз. 

Арина Алтухова 627.7 ұпаймен 17-орын алды. 

Аралық нәтиже бойынша, бірінші орында кореялық Хьеджин Бан орналасты. Ол іріктеуде жиған ұпайы бойынша (634.5) олимпиадалық рекорд орнатты.

Спортшылар медальға ертең, 29 шілде күні таласады. 

Айта кетелік, кеше Александра Ле мен Ислам Сәтпаев аралас командалық жарыста үшінші орын алып, ел қоржынына алғашқы медальді салған болатын. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мемлекеттік қызметтерді дамыту және цифрландыру...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мемлекеттік қызмет көрсету саласын дамыту мен...