Мұхамедсабыр Базарбайұлы бокстан Париж Олимпиадасының ширек финалына өтті

Мұхамедсабыр Базарбайұлы бокстан Париж Олимпиадасының ширек финалына өтті

Қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 келі) Олимпиада ойындарындағы екінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды No-comment.kz - Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

1/8 финалда Базарбайұлы Азия ойындарының күміс жүлдегері, тайпейлік Лай Чжуэнмен жұдырықтасқан болатын. 

Алғашқы раунд жақын қашықтықта өтіп, қазақстандық спортшы 3:2 есебімен жеңіске жетті. Екінші раундта да тура осы есеп тіркелді. 

Соңғы әрі шешуші раундта екі боксшы да аянып қалған жоқ. Төрешілер басымдықты Базарбайұлына беріп, қазақстандық боксшы келесі айналымға өтті. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан құрамасы 2025 жылғы 10-17 мамыр аралығында Ресейдің Сочи қаласындағы «Сириус» білім беру орталығында өткен биология пәні бойынша Ашық...