Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының жартылай финалына шықты

Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының жартылай финалына шықты

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Назым Қызайбай Париж Олимпиадасындағы ширек финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Әйелдер арасында 50 келі салмақта сынға түсіп жатқан Қызайбай ширек финалда колумбиялық Валенсия Лорена Ингритпен жұдырықтасқан болатын. 

Тартысты жекпе-жектің алғашқы екі раундында төрешілер 3:2 есебімен жеңісті Назымға берді.

Жалпы есепте Назым Қызайбай 4:1 есебімен жеңіске жетіп, Олимпиаданың жартылай финалына өтті. 

Финал жолдамасы үшін таласта Қызайбай қытайлық Ву Юмен жұдырықтасады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасын орындау аясында әділет органдарын цифрландыру мәселелері бойынша жиын өткізді, деп...