Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан еркін күрестен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды No-comment.kz - Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
97 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ризабек финалда әзербайжандық Хетаг Карсановпен белдесті.
Ересектер арасындағы әлем чемпионы саналатын Ризабек қарсыласын мерзімінен бұрын 10:0 есебімен жеңді.
Айта кетейік, турнир барысында Ризабек барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтты.