Астанада «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті

Астанада «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті

Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Астана қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

Іс-шараның басты мақсаты – бұлақ көздерін ашу, оларды тазарту және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Аталған акцияға «Астана Тазалық» мекемесінің қызметкерлері мен еріктілер қатысты. Әр тараптан 50 адамнан қатысып, жалпы саны 100 адам табиғатты қорғау жұмысына атсалысты.

Іс-шара барысында қатысушылар 3 шақырым аумақты тазалап, бұлақ маңын қоқыстан арылтты.

Бұл бастама қоршаған ортаны қорғауға бағытталған нақты іс-қимылдардың бірі болды.

Айта кету керек, елімізде еріктілер қозғалысы қарқынды дамып келеді. Соңғы жылдары еріктілер саны айтарлықтай артып, бүгінде жүз мыңдаған азамат түрлі әлеуметтік және экологиялық жобаларға белсенді қатысуда.

«Мөлдір бұлақ» акциясы – тек тазалық жұмысы ғана емес, бұл – қоғамдағы жауапкершілік пен бірліктің айқын көрінісі. Мұндай шаралар арқылы тұрғындар табиғатты аялаудың маңызын терең түсініп, ортақ іске өз үлестерін қосуда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қырғызстан, Шолпан-Ата қаласы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Орталық Азия елдерінің басшылары чемпионатқа қатысушылармен әңгімелесіп, оларға сәттілік...

Мемлекет басшысының Қостанай облысының құрылғанына 90 жыл толуына арналған салтанатты іс-шараға қатысушыларға құттықтауы, деп хабарлайды ...

Ғылым мен жоғары білімді дамыту – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған стратегиялық басымдықтардың бірі. Президент тапсырмаларында білі...

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Маңғыстау облысында аммиак-карбамид кешенін салу...

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Үкіметте балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру...