«Астана Опера» XIV театр маусымын әйгілі «Абай» операсымен ашты

«Астана Опера» XIV театр маусымын әйгілі «Абай» операсымен ашты

«Астана Опера» XIV театр маусымын Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің Мұхтар Әуезов либреттосына жазылған «Абай» операсымен ашты. Қойылым қос көрнекті композитордың туғанына 120 жыл толуына орай сахналанды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Спектакль басталар алдында театр фойесінде тақырыптық инсталляциялар қойылды. Әртістер сахнада опера авторларының шығармашылық үндестігін әсерлі көрініспен жеткізді. «Айттым сәлем, Қаламқас» әні шырқалғанда, хорға көрермен де қосылды. Одан кейін театр труппасы көпшілікті залға шақырды.

«Абай» операсы – отандық опера өнеріндегі жауһар туындылардың бірі. Қойылымды қазақ және итальян өнерпаздары бірлесіп дайындаған. Шығармашылық топ құрамында белгілі режиссер, Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаев, бас хормейстер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов, режиссер Джанкарло дель Монако, сценограф Эцио Фриджерио және костюм суретшісі Франка Скуарчапино бар.

Маусымның ашылуында оркестрге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алан Бөрібаев дирижерлік етті.

Кеш соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан «Астана Опера» ұжымына гүл шоқтары табысталды.

XIV маусымда театр көрерменге бірнеше премьера ұсынады. Олардың қатарында «Чарли и Ирэн», «Томирис» балеттері және балаларға арналған «Арман» музыкалық спектаклі бар.

Жаңа маусымда театрдың гастроль аясындағы бағдарламасы да жалғасады. «Астана Опера» сахнасында Мемлекеттік ұлт театры «Ваня ағай» және «Тартюф» спектакльдерін қояды. Ал балет труппасы «Жизель» және «Щелкунчик» қойылымдарымен Италияға гастрольге аттанады. Сонымен қатар театр ұжымы Қазақстанның бірқатар қаласында өнер көрсетеді.

«Абай» операсы 5 қыркүйекте қайта сахналанады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекеттік сатып алу отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін қолжетімді болады, қазақстандық шикізатты пайдалануға қойылатын талаптарды арттыру, ал мектеп...

Мемлекет басшысының цифрландыру мен жасанды интеллектіні қарқынды дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Премьер-министрдің орынбасары...