Ел Президентінің Жолдауына сәйкес Түркістан облысында инфрақұрылым саласы қарқынды дамып келеді

Ел Президентінің Жолдауына сәйкес Түркістан облысында инфрақұрылым саласы қарқынды дамып келеді
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан облысында Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында бірқатар ауқымды істер қолға алынған. Мәселен, жуырда ғана Келес ауданында 11 елді мекен сапалы интернет желісімен қамтылды, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.
"Қолжетімді интернет" ұлттық жобасы аясында өткен жылы 10 елді мекенге, атап айтқанда Бесауыл, Бозсу, Ғ.Мұратбаев, Бозай, Байтерек, Бірінші мамыр, Береке, Жиделі, Ынтымақ және Жаңадәуір ауылдарына "Билайн" және "Кселл" байланыс операторларының базалық станциялары орнатылды. Биыл жалпы 16 елді мекенге атап айтқанда, Мақташы, Жаңа қоныс, Жетітөбе, Қаратал, Еңбек, Жаңатіршілік, 28 гвардия, Жиделі, Оңтүстік, Бәйтерек, Жетітөбе, Береке, Керегетас, Ақсу, Біртілек және Амангелді ауылдарына базалық станция орнату жоспарға енгізіліп, қазіргі уақытта 11 ауылда яғни, Керегетас, 28 гвардия, Ақсу, Біртілек, Жиделі, Оңтүстік, Бәйтерек, Жетітөбе, Береке, Қаратал, Амангелді елді мекендеріндегі базалық станция іске қосылды. Қалған 7 ауылдық елді мекеннің базалық станциясының құрылысы 2025 жылға өтпелі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылы Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында берген еліміз бойынша футболды дамыту және өңірлерде...

Кәсіпорын ассортиментінің көп болуы әрдайым жоғары табыс әкеледі деген сөз емес. Кейбір тауарлар жақсы сатылғанымен, олардың пайдасы төмен болуы...