Шымкентте биыл 759 адамға қандас мәртебесі берілген

Шымкентте биыл 759 адамға қандас мәртебесі берілген

Әр қиырдан оралған қандастарды атажұртқа бейімдеу бағытында Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» 6 ай мерзімге келушілерге қызметтер ұсынады деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

- Қаламызға келген қандастарымыздың арасында шешімін таба алмай қиналатын мәселелері көп болады. Соның ішінде ең бастысы - жұмысқа орналасу. Осы мәселелерді шешу мақсатында біздің орталық 2 айлық тегін мамандық бойынша оқу курстарымен қамтамасыз етеді, - дейді орталық басшысы Ақмарал Досбаева.

Аталмыш орталықтың қолдауына ие болғандардың бірі- «Аспазшы» мамандығын оқып жатқан Өзбекстан Республикасынан келген қандастарымыз Моминходжаева Фатима. Ол жолдасы Данияр Исаховпен бірге алдағы уақытта ерлі-зайыптылар өз кәсіптерін жүргізсек деген ниетте. Олар бүгінде «Еңбек» мемлекеттік бағдарласы шеңберінде «Бастау бизнес» жобасына қатысуға ниет білдіріп, орталық мамандарымен бизнес жоспарын әзірледі. Алдағы уақытта «Аспазшы» мамандығын оқып бітірген соң, дәмхана ашып, кәсібін дөңгелетсек деген ойда екен.

Орталық 12 түрлі мамандық бойынша тегін оқытады. Олар: тігінші, кондитер, есепші, компьютер графикасы, шаштараз және т.б.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ресми мәлімдемесіне сәйкес, Шымкент қаласы бойынша 2021 жылдың 1 маусымына 562 отбасы (759 адамға) қандас мәртебесі берілген.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «Шелл» концернінің Қазақстандағы аға вице-президенті әрі төрағасы...

Астана, 2026 жылғы 29 мамыр – Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің орынбасары Арман...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ауыл экономикасын дамытуға және ауыл тұрғындарының...

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағнаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында бизнес қауымдастығының өкілдерімен, салалық...

Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі...