Шымкентте сенбілік өтті

Шымкентте сенбілік өтті

Өткен аптада Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданына қарасты Жангелдин 22, 22 а, 16 аулаларына сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Оған Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері мен Н.Назарбаев атындағы зияткерлік мектебінің еріктілері қатысты, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сенбілікте балалар ойын алаңшаларындағы ойын элементтерін және орындықтарды сырлау, ағаш түптерін әктеу жұмыстары атқарылды. Сондай-ақ тұрғындарға ыңғайсыздық тудыратын ағаштар қырқылып, аула сыпырылды.

Аталған жұмыстарға ауданның тазалығына жауапты «Назар» ЖШС-ы, «Айдынбек» ЖШС-ы тарапынан 7 арнайы техника мен 100-ге жуық адам жұмылдырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Арменияның Раздан қаласында...