Түркістан: «Тұзақтағы тағдырлар» фильмінің тұсаукесері өтті

Түркістан: «Тұзақтағы тағдырлар» фильмінің тұсаукесері өтті

Түркістанда «Бірлігіміз – әралуандықта» жобасы аясында «Тұзақтағы тағдырлар» фильмінің көрсетілімі өтті. Игі шара Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і мен облыстық дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бірлесе ұйымдастырылды, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Көрсетілімге Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, облыстық дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар Жанат Жұмадуллаева және Тамара Ерімбет, фильмнің басты актерлері мен режиссері Қуаныш Данияр, Мұқағали Әбдішәріп, Махамбет Балтабаев, сондай-ақ  оқушылар мен белсенді жастар қатысты.

Шара барысында облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев сөз алып, өскелең ұрпақты радикализм індетінен сақтандыру маңызды міндет екенін тілге тиек етіп, бұл туындының жастарды туған елі мен жерін құрметтеуге және отансүйгіштікке үндейтін мән-мағынасы зор фильм екенін атап өтті.

Аталған фильм өңірімізде діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, конфессияаралық келісімді нығайту, қоғамдағы этносаралық бірлік пен келісімді сақтау және жастар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Фильмде қоғамдағы өзекті мәселелер көрініс тапқан, яғни өзге елде діни білім алуға құштар жастарды теріс пиғылды ағымдардың ықпалынан сақтау, ұлттық ұстанымдарды дәріптеу жайы баяндалады.

Іс-шарада марапаттау рәсімі ұйымдастырылып, аталған  фильмнің  шығармашылық тобына Алғыс хаттар табыс етілді. Сонымен қатар шығармашылық ұжым Түркістан облысының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің жанынан ашылған «KULTOBE» медиа студиясымен танысты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиын...

В Палате предпринимателей города Шымкент состоялось заседание Совета по защите прав предпринимателей и противодействию коррупции, посвященное...

Түркістан облысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жүзеге асыратын «Мобильді фронт-офис» жобасы аясында шағын және орта бизнес субъектілерімен...

В Туркестанской области начинается выездные встречи с субъектами малого и среднего бизнеса в рамках проекта «Мобильный фронт-офис», реализуемого...