Мемлекет басшысы Түрікменстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередовті қабылдады

Мемлекет басшысы Түрікменстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередовті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Түрікменстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен кездесті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы қазақ-түрікмен қарым-қатынастары барлық бағытта достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік рухында дамып келе жатқанына назар аударды.

Қазақстан Президенті Ашхабад бастамашы болған Бейбітшілік және сенім жылының басталуымен құттықтады. Бұл Түрікменстанның бейтарап саяси ұстанымының 30 жылдығымен қатар келіп отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанның бітімгершілік бастамаларының маңызы зор екенін айтып, оны табысты жүзеге асыру үшін Қазақстанның жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастыра беретінін атап өтті.

Екі ел арасында экономикалық байланыстар қарқынды дамып, мемлекеттер мүддесіне сай келетін өзекті мәселелер конструктивті тұрғыдан ілгерілеп келеді.

Рашид Мередов Мемлекет басшысына Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов пен Түрікмен халқының ұлттық көшбасшысы, Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовтің ыстық ықыласын жеткізді.

Министрдің айтуынша, қазақ-түрікмен ықпалдастығы стратегиялық сипатқа ие, сонымен қатар берік әрі ұзақмерзімді перспективаға құрылған. Осы ретте түрікмен делегациясы Ашхабадтың Астанамен мемлекетаралық байланыстардың барлық бағыты бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады.

Әңгімелесу барысында энергетика, көлік-транзит және мәдени-гуманитарлық салалар бойынша бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы талқыланды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...