Ардагерлерді ардақтау – қоғамның ортақ борышы: Шымкентте 7 мыңнан астам зейнеткер шипажайға жолдама алған

Ардагерлерді ардақтау – қоғамның ортақ борышы: Шымкентте 7 мыңнан астам зейнеткер шипажайға жолдама алған

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қазақ халқының ержүрек ұл-қыздары жанқиярлық ерліктің жарқын үлгісін көрсетті. Адамзат тарихындағы ең қанқұйлы жылдарды, ел тарихының қасіретті беттерін ұмытуға болмайды. Себебі, біз бүгінгі бейбіт өміріміз үшін аталарымыздың алдында әрқашан қарыздармыз. Сондықтан, майдангерлерге құрмет көрсету – бүкіл қоғамның қастерлі борышы.

Өкінішке қарай, Шымкент қаласында екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлері мен оларға теңестірілгендер жыл сайын азайып барады. Қазіргі таңда қалада Ұлы Отан соғысының 2 ардагері мен 1 604 тыл еңбеккері тұрады. Ал, жалпы өңірде 96 133 зейнеткер бар. Қала әкімдігі тарапынан зейнет жасындағыларды санаторлық-курорттық еммен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлініп келеді. Мәслихаттың шешіміне сәйкес, жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы аясында зейнеткерлерге шипажайларға жолдама беру қарастырылған.

Шаһарда жыл сайын 7 мың зейнеткер сауықтыру орындарына жіберіліп отырады. Қариялардың 127-сі – тыл еңбеккері. Биыл жыл басынан бері «Ізетті зейнеткер» мемлекеттік сауықтыру кешеніне 280 зейнеткер сауықтыру орындарына жолдама алған болса, оның 3-еуі тыл ардагері.

Зейнеткерлер үшін шипажай-курорттық ем алу тәртібі барынша жеңілдетілді. Яғни, зейнеткерлер үйден шықпай-ақ шипажайға кезекке тұруға «geo-shym.kz» сайты арқылы өтініш беріп, өздерінің кезек реттілігін онлайн бақылау мүмкіндігіне ие.

Майдан даласында ерлігімен, тылда ауыр еңбегімен жеңісті жақындатқан аталарымыз бен апаларымызға қала әкімдігі тарапынан көрсетілетін осындай қолдау мен кұрмет әрі қарай жалғасын табатын болады. Тарихтың куәгері мен отаншылдықтың үлгісіне айналған ардагерлеріміз арамызда аман жүрсін деп тілейміз.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде көлік желісін жаңғырту, жаңа оқушы орындарын ашу...

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы 66-шы концерт маусымын бастады. Биылғы маусым көрнекті композиторлар Ахмет Жұбанов пен Латиф...

Ұлытау облысының Жезқазған қаласында ерлер арасындағы XXXII жазғы және әйелдер арасындағы XII жазғы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар...

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан аумағының геологиялық тұрғыда зерттелу...