Шымкенттік студент армрестлингтен «Әлем кубогін» жеңіп алды

Шымкенттік студент армрестлингтен «Әлем кубогін» жеңіп алды

Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында армрестлингтен өткен жарыста Шымкенттегі Жұмабек Ташенов атындағы университет студенті Нұрислам Амангелдіұлы «Әлем кубогын» жеңіп алды, деп хабарлайды No-comment.kz - Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.
Өзбекстан, Украина, Индия, Молдова, Иран, Қырғызстан, Қытай, Грузия мемлекеттерінен келген спортшылырмен күш сынасқан Нұрислам алдына жан салмады.
«Университетімізде сапалы білім алумен қатар, спортпен айналысуға мүмкіндік жасалған. Отызға жуық түрлі студенттік үйірме мен клубтар жұмыс істейді. Соны ішінде қол күресі үйірмесінде 40-қа жуық білім алушы жаттығады. Қол күресінде білек, иық, қолдың барлық бұлшық еттеріне арналған арнайы жаттығулардың маңызы зор. Бұл орайда қолдың, білектің күш-қуатын арттыру үшін кір тасымен, зілтемірмен, резеңкемен көптеген жаттығулар жасаймын. Раунд немесе кезең деген болмайтын армрестлинг спортында бар күшіңді, бар өнеріңді санаулы секундта көрсете білуің қажет. Білектің күшінен бөлек, жүректің де, ақылдың да алар орны ерекше. Санаулы секундта тәсілдерді тиімді пайдалану үшін бәрін бір сәтте іске қосуың керек», дейді Әлем кубогының иегері.
Айта кетейік, армрестлингтен Әлем кубогы жарысында ел намысын қорғаған шардаралық 48 спортшы да алтын медаль жеңіп алды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...